Астанада Ілия Жақановтың жеке қоры ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Ілия Жақановтың жеке қоры ашылды

13.05.2016
Астанада Ілия Жақановтың жеке қоры ашылды
Астанадағы Республикалық ұлттық мұрағат жазушы, суретші, сазгер Ілия Жақановтың жеке қорындағы құнды дүниелермен толықты.

Мәдениет қайраткерінің 80 жылдық мерейтойына орай өткен шарада оның қолжазбалары, ноталары мен қазақ, араб, ағылшын тілдерінде жазылған құжаттары салтанатты түрде мұрағатқа тапсырылды.

«Алматы кешінде», «Еділ мен Жайық», «Жайлаукөл кештері» әндерінің авторы, қазақ халқының музыка өнеріне өлшеусіз үлес қосқан көрнекті зерттеушінің жеке қоры қойылған көрме бір ай жұмыс істейді.

Ғазиза МҰХАМЕДЖАНОВА

Хабарламаларға жазылу