Тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алысты. Кардинал Тарксон Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін ұйымдастыру арқылы дінаралық келісімді дамытуға қосқан Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке үлесіне жоғары баға берді. Сонымен бірге сұхбаттасушы Қазақстан халқы Ассамлеясының бірегей үлгісін, оның еліміздегі қоғамдық келісімді нығайтудағы рөлі мен маңызын ерекше атап өтті.
Өз кезегінде, Р. Жошыбаев Қасиетті Тақ өкіліне Съезд жұмысына қолдау көрсеткені және белсенді қатысқаны үшін ризашылығын білдіріп, Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесін ұйымдастыру жұмыстарынан хабардар етті. Екі тарап Ватиканның көрмеге катысу талаптарын талқылап, павильонның орналасатын орнын және оның көлемін келісті.
Р. Жошыбаев Ватиканның ЭКСПО көрмелеріне тұрақты түрде қатысуы рухани сәйкестілік идеяларын нығайтуға, әлемдік өнер жауһар туындылары арқылы мәдени және рухани құндылықтарды кең таратуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Кардинал Тарксонның сөзінше, 2009 жылы Ватикан VI Павел залының шатырында құны 660 млн. АҚШ доллары құрайтын Еуропадағы ең үлкен 100 мВт (2 400 фотоэлектрикалық панель) күн панелін орнатты. Бұл қала-мемлекетті күн батареясы арқылы энергиямен толығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп, Киелі Тақты әлемнің ең «жасыл» еліне айналдырды. Аталған технологияларды пайдалану Ватиканға ауаға тарайтын көмір қышқыл газдың (СО2) көлемін жыл сайын 225 тоннаға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.