Нұрсұлтан Назарбаев Пасха мерекесімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаев Пасха мерекесімен құттықтады

30.04.2016
Нұрсұлтан Назарбаев Пасха мерекесімен құттықтады

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев православие христиандарын, барша Қазақстан азаматтарын жарқын Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Құрметті отандастар! Православиеліктер Пасхасының биыл Қазақстан халқының бірлігі мейрамымен тұспа-тұс келуі терең мəнге ие. Біздің елімізде ел бірлігін нығайтуға ықпал ететін этносаралық келісім мен конфессияаралық үнқатысудың бірегей үлгісі қалыптасқан. Мəңгілік адамгершілік құндылықтарға арқа сүйей отырып, бір-бірімізді өзара құрметтей жəне қолдай отырып, біз ортақ үйіміздегі бейбітшілік пен келісімді нығайта білдік. Христиан дінін ұстанатындардың конфессияаралық қатынастарды нығайтуға қосқан үлесі өте зор. Еліміздегі барлық діни сенім өкілдері секілді христиандар да мемлекеттің қоғамды ұйыстыруғ а бағытталған бастамаларын əрдайым қолдайды. Достық, өзара құрмет пен түсіністік қатынастар біздің мақта нышымызға, ортақ игілігімізге айналды. Бүгін Пасха мейрамы адамдарды жақсы іс-əрекеттерге, мейірімділікке жəне айналасындағыларға қамқорлық жасауға шабыттандырады, адамдарға шаттық пен татулық сыйлайды, жүректерінде үміт, сенім мен шынайылық сезімдерін сақтауға көмектеседі", - делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.

Құттықтауының соңында Нұрсұлтан Назарбаев осынау мереке күндерінде барша қазақстандықтарға бейбітшілік, өркендеу мен амандық тілейді.

Хабарламаларға жазылу