Осы уақытқа дейін барлығы 10 мың 360 текше метр су өзге аймаққа ағызып жіберілді. Бұл бағыттағы жұмыстар 44 көше мен 8 аулада жүзеге асырылуда. 4 көше мен 2 ауладағы жиналып қалған су сорғытып алынды.
Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев Жаңаөзен қаласының маңында болып, нөсер жаңбырдың зардабын тартып отырған тұрғандармен тілдесіп қайтты.
«Нөсер жаңбыр мұнда қатарынан үш күн жауды. Сәуірдің 17-і күні Жаңаөзен қаласына 68 мм жауын түсті. Мен бүгін басшылар тарапынан ұйымдастыру жұмыстарының қалай жүзеге асырылып жатқандығын білу үшін Мұнайлы ауданы мен Жаңаөзен қаласына барып қайттым. Мұндағы жұмыстарға коммуналдық қызмет пен өзге де құзырлы орган өкілдері тартылған. Су құрғаған соң бұзылған үйлерді жөндеуге көмек көрсетеміз. Ең бастысы құрбан болғандар мен ауыр дене жарақатын алғандар жоқ», деді облыс әкімі.