ҚР Президенті Маңғыстау облысының әкімін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Президенті Маңғыстау облысының әкімін қабылдады

03.06.2020

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовты қабылдады. Әкім өңірдің қоғамдық-саяси ахуалы мен әлеуметтік-экономикалық жағдайы, аймақтағы қауіпті инфекцияға қарсы күрес шаралары және Жаңаөзен қаласын кешенді дамыту жоспарының орындалу барысы жайында есеп берді. Әрі облыс экономикасын әртараптандыру, өңдеу өнеркәсібі мен туризм, көлік-логистика бағыттарын дамыту, ауыл шаруашылығы саласындағы шағын несиелеуді қолдау шаралары туралы да, айтты. Мемлекет басшысы өңірдегі қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз ету, өндірісті дамыту мен аймаққа инвестиция тарту жөнінде бірқатар тапсырма берді.   

 Айбек  Қобдабай 


Хабарламаларға жазылу