Эквадорда жер сілкінісінен кейін 100-ге жуық жазасын өтеуші қашып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Эквадорда жер сілкінісінен кейін 100-ге жуық жазасын өтеуші қашып кетті

18.04.2016
Эквадорда жер сілкінісінен кейін 100-ге жуық жазасын өтеуші қашып кетті

Алайда, олардың 30-ын полицейлер ұстады. Кейбіреулері түзету мекемесіне өз еркімен барды, деп жазды Twitter-дегі шағын блогына елдің Әділет министрі Леди Суньига.

«Портовьеходағы түрмеден 100-ге жуық жазасын өтеуші қашты. Біз оларды  Эквадор полициясымен бірлесіп іздеудеміз», - деді Леди Суньига.

Министр табиғи апат түрме инфрақұрылымын да бұзғанын атап өтті. Жазасын өтеушілер арасында қаза тапқандар және жарақат алғандар болғаны не болмағаны туралы ақпарат жоқ.

Бұған дейін Эквадор президенті Рафаэль Корреа жер сілкінісінен кейін қаза тапқандардың саны 233 адамға жеткенін мәлімдеген. Ол жерасты дүмпуі салдарынан Манта елді мекені қатты зардап шеккенін айтты. Корреа бұл қалаға өзі бара жатқаны жайлы хабарлаған еді.

 

inform.kz

Хабарламаларға жазылу