Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Кирилл Герасименконы Рио-2016 ойындарына жолдама алуымен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Кирилл Герасименконы Рио-2016 ойындарына жолдама алуымен құттықтады

17.04.2016
Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Кирилл Герасименконы Рио-2016 ойындарына жолдама алуымен құттықтады

Сенат спикері, ҚР Үстел теннисі федерациясы кеңесінің төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев спорт шебері Кирилл Герасименконы Гонконгтағы үстел теннисі бойынша іріктеу кезеңіндегі жеңісімен  және  Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына жолдама алуымен құттықтады.

Қ.Тоқаев қазақстандық теннисшілерге жаңа жеңістер мен Олимпиадада жақсы жетістіктерге жетуін тіледі, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Айта кету керек, 16 сәуірде астаналық Кирилл Герасименко танымал гонконг  спортшысы Джианг Тияниді (JIANG Tianyi, әлемдік рейтингте 55-ші орында) 4:0 есебімен жеңген болатын.

 

Хабарламаларға жазылу