«Қазақстанның» ең үздік «Жарасымды жұбы» - алты жыл қол ұстасып жүрген Данияр Жанысов пен Құрманай Өтепова (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстанның» ең үздік «Жарасымды жұбы» - алты жыл қол ұстасып жүрген Данияр Жанысов пен Құрманай Өтепова (ВИДЕО)

15.04.2016
«Қазақстанның» ең үздік «Жарасымды жұбы» - алты жыл қол ұстасып жүрген Данияр Жанысов пен Құрманай Өтепова  (ВИДЕО)

«Таңшолпан» бағдарламасы ғашықтар күніне орай «Жарасымды жұп» атты байқау жариялаған болатын. Сүйіктілеріне деген сезімдерін таңғы бағдарлама арқылы жеткізген ғашықтар өте көп болды.

28 наурыз бен 15 сәуір аралағында өткен бейнесайыс барысында көрермендер назарына әр өңірден жолданған роликтер ұсынылды.

Сонымен қатар, аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобының «Той жыры» әнін орындап, жолдаған жұптардың да видеолары сарапқа салынды.

Қорытынды бойынша жеңімпаз атанған ғашықтар елордалық Данияр Жанысов пен Құрманай Өтепова бүгін «Таңшолпан» студиясында қонақта. Таныстықтары кітапхананадан басталған жұп байқауға жолдаған бейнебаяндарын «Тағдыр» деп атапты.  

Екінші жеңімпаз жұп қарағандылық Айтуған Рсалдин мен Ұлжан Алпысбай Ұлттық арнаға алғыстарын білдіріп, бейнесәлемдеме жолдады.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіздер. 

Хабарламаларға жазылу