«Таңшолпан» бағдарламасы ертеңгі шығарылымын Ғашықтар күніне арнамақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан» бағдарламасы ертеңгі шығарылымын Ғашықтар күніне арнамақ

14.04.2016
 «Таңшолпан» бағдарламасы ертеңгі шығарылымын Ғашықтар күніне арнамақ

«Таңшолпан» бағдарламасы ертеңгі шығарылымын 15 сәуір - Ұлттық ғашықтар күні мерекесіне арнамақ. Осыған орай, әнші жұп Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина тікелей эфирде сұхбат береді.

Сонымен қатар, ертең 28 наурыздан бастау алған «Жарасымды жұп» байқауы қорытындыланады. Жеңімпаз атанған ғашықтар Данияр Жанысов пен Құрманай Өтепова таңғы бағдарлама студиясына қонаққа келмек. 

Бұдан бөлек, ел Теуелсіздігінің 25 жылдығы мен Елбасы манифесіне қатысты академик, философия ғылымдарының докторы Ғарифолла Есім және ақын Шөмішбай Сариевпен әңгіме өрбімек.

Ал, Билл Гейтстің шәкіртақысын жеңіп алған қарағандылық оқушы Дарья Андрейченко туралы не білесіз? Қызықты сюжеттер легін 07:00-10:00 аралығында Ұлттық арнадан көріңіз. 

Хабарламаларға жазылу