Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Әңгіме барысында екі мемлекеттің басшылары екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылын одан әрі нығайту жайын талқылады.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен А.Лукашенко халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер мен жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі негізгі шараларға тоқталды.