Мемлекет басшысы Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті

31.08.2021

Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті. Тараптар қарым-қатынасының негізгі аспектілерін талқылап, екі ел арасындағы сауда-экономикалық дамудың оң динамикасын атап өтті. Халықаралық және аймақтық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша да пікір алмасты. Президенттер Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық құрылымдар аясында өзара ынтымаққа ерекше назар аударды. Әңгіме соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы туған күнімен құттықтады.

Хабарламаларға жазылу