Алматы 2016 жылы әлемдегі өмір сүру арзан 10 қаланың қатарына кірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы 2016 жылы әлемдегі өмір сүру арзан 10 қаланың қатарына кірді

13.04.2016
Алматы 2016 жылы әлемдегі өмір сүру арзан 10 қаланың  қатарына кірді

Аталған зерттеулердің мәліметтері бойынша, ең арзан 10 қаланың арасында Алматы 4-ші орында тұр. Алматының алдында Замбияның Лусаке, Үндістанның Бангалору мен Мумбай қалалары тұр.  Алматыдан кейінгі орында Алжирдің Алжирі, Үндістанның Ченнаиы, Пәкістанның Карачиі, Үндістанның Нью-Делиі мен Сирияның астанасы Дамаскі және Венесуэла астанасы Каракас тұр. 

Ал, өмір сүру ең қымбат қалалардың тізімін Сингапур, Цюрих пен Гонгконг бастайды. Сондай-ақ, ең қымбат қалалардың қатарында Женева, Париж, Лондон, Нью-Иорк пен Копенгаген, Сеул мен Лос-Анджелес қалалары тұр.

Зерттеуді жүргізу барысында супермаркеттердегі және орта тапқа арналған дүкендер мен әр қаладағы қымбат дүкендердегі 160 тауар түрлерінің бағалары назарға алынған.
 
 

 

Хабарламаларға жазылу