Алматы - әлемдегі ең арзан бес қаланың бірі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы - әлемдегі ең арзан бес қаланың бірі болды

19.11.2020
Алматы - әлемдегі ең арзан бес қаланың бірі болды

Economist аналитика журналы 2020 жылғы жағдайға сәйкес, әлемде өмір сүру деңгейі қымбат және арзан қалалардың статистикасын жасады. Биыл әлемнің ең қымбат қалалары тізіміне өзгеріс енген. Дереккөз бұл құбылысты коронавирус пандемиясымен байланыстырып отыр. 

«Әлемнің ең қымбат қалалары ауысып, Париж, Гонконг және  Цюрих шаһарлары алғашқы үш орынға шықты. Осы уақытқа дейін қымбат қалалар көшінде Сингапур мен Осака алдыңғы орынды бермеген еді. Шетелдік жұмысшылар мен қызметкерлер пандемияға байланысты жаппай елден кеткен соң, Сингапурдағы баға күрт құлдырап кеткен», - деп жазады BBC. Дегенмен, Сингапур қазір әлемде өмір сүру деңгейінің қымбаттығы бойынша төртінші орында. 

Ресей астанасы Мәскеу рейтингте 20-орынға шыққан. Ал, Қазақстанның Алматысы өмір сүру үшін ең арзан бес қаланың ішінде тұр. « Сирияның астанасы Дамаск, Венесуэла астанасы Каракас, Өзбекстан астанасы Ташкент және Қазақстандағы Алматы қаласы өмір сүру үшін ең арзан қалаларға жатады», - деп жазады дереккөз. 

Хабарламаларға жазылу