Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына - 145 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына - 145 жыл

07.04.2016
 Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына - 145 жыл

Қара күштің иесі атанған батыр бабамыз теңдессіз өнерімен Жер шарының 54 мемлекетін аралап, 48 медаль олжалапты. XX ғасырдың басында түркі халықтарының арасында Қажымұқандай мықты тек қазақта ғана болды. Мен деген небір мықтылардың мысын басты. Қажымұқан Мұңайтпасов күрес қожайындарының, төрешілердің сан мәрте әділетсіздігіне белі бүгілмеді, еңсесі түспеді.

Алып күш иесінің тұңғыш рет әлемдік деңгейде көрінген шағы 1906 жыл еді. Алманиядағы дүниежүзілік сайыста ол Әлем чемпионы атанды.

Сол кездегі саясаттың салдарынан ол орыс палуандарының атымен күресуге мәжбүр болды. Оған түрлі лақап аттар берілді. Бірде Қажымұқанды Ямагата Мухунури десе, енді бірде Мухан, Иван Черный деп атаған. Ал, 1909 жылы халықаралық палуандар  жарысына ол Қара Мұстафа деген атпен шыққан.

«Қажымұқан көбіне шетте жүрді ғой, шынын айту керек. Менің қолымдағы көйлекті  атамыз 74 жасында шешіп берген. Жоқ дегенде, 3-4 жыл киілген көйлек.  Бұл киімнің бізге келу себебі, отбасымызда бала тұрмаған екен. Содан менің де ыстығым көтеріліп, дәрігерлер үмітін үзе бастаған ғой. Сол уақытта киіз үйге Қажымұқан атамыз кіріп келіп,  әкеме: «Қане, балаңды көрсет», деп мені қолына алыпты да: «Әй, тойыңды жасай бер, балаң өлмейді»,деген екен»,-деп еске алады Қажымұқанның кіндік баласы Рахат Барысұлы.

Патша үкіметі құлаған соң, палуанның отбасы азамат соғысы мен аштықтың салдарынан біраз сергелдеңге тап болады. 1937 жылы Қажымұқанның ізіне түсіп, «Бұл патшаның адамы, оның қолынан медаль алған. Сыйлық алған сыбайласы»,-деп қудалауға ұшыратады.

Сол себепті Қажымұқан отбасын тастап Түркістанға, одан әрі Өзбекстанға барып, бас сауғалайды. Өмірінің соңғы кезеңі Түркістан жерінде өтеді.

Толығырақ «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу