Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына - 148 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына - 148 жыл

21.05.2019

Осыған орай әйгілі балуанның ауылы – Түркістан облысы Темірлан елді мекенінде  қазақ күресінен дәстүрлі халықаралық турнир өтті.  Жарысқа Өзбекстан, Моңғолия, Ресей  елдерінен, сондай-ақ,  еліміздің барлық өңірінен, 300-ге тарта балуан қатысты.

 
Апайтөс жігіттер екі күн бойы боз кілемде 8 салмақ дәрежесі бойынша белдесті. Тартысты жекпе-жекте моңғолиялық палуандар көзге түсіп, 2-3-ші орындарды иеленді. 


Ал халықаралық турнирдің бас жүлдесін қазақ балуаны  Руслан Әбдіразақов жеңіп алды.


Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу