Қазгидромет: Алдағы тәуліктерде Қазақстанның басым аумағында қар аралас жаңбыр жауады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазгидромет: Алдағы тәуліктерде Қазақстанның басым аумағында қар аралас жаңбыр жауады

04.04.2016
Қазгидромет: Алдағы тәуліктерде Қазақстанның басым аумағында қар аралас жаңбыр жауады

Ресейдің еуропалық аумағының шығысындағы циклон Батыс Сібірге қарай ойысып барады.  Қазақстандағы ауа райына ықпал ететін атмосфералық ағымдар осы циклонмен байланысты.

Алдағы үш тәулікте республиканың басым облыстарында атмосфералық ағымдардың өтуіне қарай күн бұлыңғыр болады және ол жауын-шашынға да ұласуы мүмкін.  Батыста және түн мезгілінде солтүстікте жауын-шашынның соңы ылғалды қарға ұласуы ықтимал.

Түнде және таң ата Қазақстанның басым бөлігінде 500 метрден ұзақ қашықтықта қою тұман түсуі мүмкін.  

 

 

Хабарламаларға жазылу