Элизабет Тұрсынбаева алғашқы рет ересектер арасындағы Әлем чемпионатына қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Элизабет Тұрсынбаева алғашқы рет ересектер арасындағы Әлем чемпионатына қатысты

01.04.2016
Элизабет Тұрсынбаева алғашқы рет ересектер арасындағы Әлем чемпионатына қатысты

16 жастағы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева алғашқы рет ересектер арасындағы Әлем чемпионатына қатысты. Оның қорытындысы бойынша, ол қысқа бағдарламада 61,63 ұпай жинап, 12-ші орын иеленді.

Ал, Бостонда (АҚШ) өтіп жатқан әлем біріншілігінде қысқа бағдарламадан кейін 76,43 ұпай алған америкалық Грейси Голд көш бастады. 2-ші және 3-ші орынға екі ресейлік спортшы Анна Погорилая (73,98) мен Евгения Медведева (73,76 балла) тұрақтады.

Енді спортшылар 3 сәуір күні сағат таңғы 04:50-де еркін бағдарламасын өткізеді. Жарысты «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. 

Хабарламаларға жазылу