Сирияның музейлер директоратының басшысы: Пальмираның ең танымал ескерткіштері қирады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сирияның музейлер директоратының басшысы: Пальмираның ең танымал ескерткіштері қирады

29.03.2016
Сирияның музейлер директоратының басшысы: Пальмираның ең танымал ескерткіштері қирады

Екі әйгілі храмды қоса алғанда Пальмираның ең танымал деген ескерткіштеріне үлкен зақым келген. Алайда, ежелгі ескерткіштердің негізгі алқаптары сақталып қалған. Бұл туралы жапониялық Yomiuri и Asahi басылымдарында жарияланған сұхбатында Сирияның ежелгі мұралар мен музейлер Бас директоратының басшысы Мамун Абдулкарим мәлім еткен, деп жазады ресейлік ТАСС агенттігі.

Оның сөзінше, Пальмираның ең танымал храмдары бұзылған. Алайда,  Рим биілігі тұсында салынған театр сол қалпында аман қалған. Сонымен қатар, ғалымдар террористер «қара саудаға» салып жіберуі мүмкін деп алаңдаған көптеген бюсттер дін аман қалған.  «Лев Аллат» статуясына да келген зиян аса үлкен емес. Оны жөндеуге болады»,-дейді директорат басшысы.  

Оның сөзінше, жақында Сирияның Мәдениет министрлігі ежелгі ескерткіштерге байланысты жағдйды нақты білу үшін қалаға сарапшылар тобын аттандырады.

Пальмира ежелгі Жібек жолының негізгі аймақтары болған. Оның дәуірлеуі біздің эрамызға дейінгі I-III ғасырларға келеді. 2015 жылдың мамыр айынан бастап, бүгінгі күнге дейін аталмыш қала «Ислам мемлекеті» террористік ұйымының қол астында болып келді.

Хабарламаларға жазылу