Сирияның Пальмира қаласы қайта азат етілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сирияның Пальмира қаласы қайта азат етілді

03.03.2017
Сирияның Пальмирасы «ДАИШ» содырларынан азат етілді. Үкімет әскері Иран қолдаған шиит жасақтары мен Ресей қолдаған әуе әскери күштерінің көмегімен бұл шаһарды бір жылда екінші рет өз бақылауына өткізіп отыр.

Олар осы қаланы өткен жылы наурыздың 27-сінде радикалдардан тазартқан еді. Алайда, жыл соңында экстремистер оны қайта басып алды. Сол уақыттан бері Пальмираның жүздеген ескерткіштері, ғибадатханалары мен тарихи орындары қираған.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу