Мәдени мұраны сақтау мен қорғау шараларын күшейту керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәдени мұраны сақтау мен қорғау шараларын күшейту керек

12.05.2021

Тарихи-мәдени ескерткіштерді сақтап, қорғауды күшейту керек. Қазақстан халық партиясы Шығыс Қазақстандағы «Елеке сазы» қорымының мәселесін көтере отырып, мәдени мұраларға мұқият қарауға шақырды. Қазба жұмыстарынан соң 7 қорғанның тоналғаны белгілі болған еді. Сондықтан металл іздегіш жабдықтарды тек арнайы рұқсатпен алып жүруді бекіткен жөн. Ал, өркениетті елдерде жәдігерлерге жанашырлықпен қарайды. Мысалы Данияда соңғы жарты ғасырда жыл сайын 500-ге жуық археологиялық қазба жүргізіліп отырады. Ұлттың генетикалық санасын оятатын тарихи ескерткіштердің неғұрлым көп болғаны маңызды, Елеке сазы ескерткіштері ЮНЕСКО-ның тізіміне енуге лайық дейді депутат.

Ғазиз Құлахметов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 
Бұл жердегі мұраларымыз жергілікті маңызы бар ескерткіштер тізімінен республикалық маңызы бар ескерткіштер тізіміне алынуы керек. Ескерткіш киелі және туристік нысанға айналып, тарихи-мәдени мұраны насихаттау мен ашық аспан асты мұражай-қорық жасауға өте ыңғайлы. Мәдениет және спорт министрлігінің балансына беріліп, Шілікті және Берел тәрізді музейлер қатарынан орын алуы тиіс деген ұсынысымыз бар.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу