Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Нұрлан Ноғаев Атырау облысының әкімі болып тағайындалды. Осы Жарлықпен ол Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Атырау облысының активіне өңірдің жаңа басшысын таныстырды. Бұған дейін Атырау облысының әкімі болған Бақытқожа Ізмұхамбетов 25 наурыз күні ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып сайланған болатын.