Жамбыл облыстық филармониясының әншісі Оңал Азаматова Ұлттық арнаның «Таңшолпан» бағдарламасына сұхбат берді.
Өткен қараша айында өнер иесінің сахнада жүргеніне 30 жыл толды.
«Осыған орай, туған жеріме барып есептік концерт беріп қайтсам деймін. Астанадағы «Конгресс-Холл» сарайында кеш өткізу де - басты жоспарлардың бірі», дейді әнші.
«Үш әншіден тұратын «Мирас» деген топ құрып, тәрбиелеп келемін. Көбінесе эстрадалық өңдеумен дәстүрлі әндерді орындайды».
Әншінің арманы қандай? Әлеуметтік желіде қаншалықты белсенді? Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз.