«Таңшолпанда»  композитор Ахмедия Есмұқановтың  «Жеңіс жыры» әнінің тұсауы кесілді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанда»  композитор Ахмедия Есмұқановтың  «Жеңіс жыры» әнінің тұсауы кесілді (ВИДЕО)

09.05.2017

ҚР-ның Мәдениет қайраткері,  композитор Ахмедия Есмұқанов пен ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының ансамбль әншісі Қайыркелді Омарбек  «Таңшолпанда»  қонақта болып, барша қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады.

Композитор Ахмедия Есмұқанов көптеген танымал әндердің авторы. Атап айтқанда, «АБК» тобының орындауындағы «Тамшылар» , Рахат Тұрлыханов орындаған «Бір тамшы жас», «Балапаным»,  «МузАрт» тобының орындауындағы «Есіл ағады» сынды әндердің авторы.

Бағдарламада  композитордың жаңа «Жеңіс жыры» атты әнінің тұсауы кесілді. Оны Қайыркелді Омарбек  тыңдармандарға орындап берді.

 

Хабарламаларға жазылу