«Өнердің қиын жолын еңбекпен ғана еңсеруге болады» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Өнердің қиын жолын еңбекпен ғана еңсеруге болады»

21.02.2014
«Өнердің қиын жолын  еңбекпен ғана еңсеруге болады»
 
Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі Ғазиза Жұмекенованің сахнада жүргеніне - 40 жыл. Осыған орай, дәстүрлі әнші «Таңшолпанда» қонақта.
 
Әнші соңғы 15 жылдан бері Ақмола облыстық Мемлекеттік филармониясының  Кенжебек Күмісбеков атындағы халық аспаптар оркестрінде  қызмет етіп келеді. Ән өнеріндегі 40 жылдық мерейтойын да 8 ақпан күні осы ұжыммен бірге атап өтті.
 
Композитор Еркеғали Рахмадиев «әншінің ақиық асылы, жезтаңдайы, гәкку үндісі», деп баға берген  Ғазиза Жұмекенова «Өнердің қиын жолын тек еңбекпен ғана еңсеруге болады», дейді.

Хабарламаларға жазылу