Қазақстанның футболдан Бірінші лигасында ойнайтын командалар анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның футболдан Бірінші лигасында ойнайтын командалар анықталды

13.03.2016
Қазақстанның футболдан Бірінші лигасында ойнайтын командалар анықталды

Футболдан Қазақстанның Бірінші лигадасында ойнайтын командалар анықталды. Жарыс екі кезеңде өтеді.

Алғашқы кезеңде командалар екі айналымда «бір бірімен» ойнап шығады. Осыдан кейін 1-6 орын алған клубтар Премьер Лигаға шығу үшін бақ сынайды. Ал, қалған командалар 7-10 арасындағы орындар үшін талас жүргізеді.  

Айта кетейік, Бірінші Лигада 1-ші орын алған клуб бірден Премьер Лигаға ауысады. 2-ші орын иеленген команда жоғарғы лигаға шығу үшін матч өткізеді.

Осы маусымда Қазақстанның футболдан Бірінші лигасында ойнайтын командалар:

— «Қайсар» (Қызылорда);

— «Қызыл-Жар СК» (Петропавл);

— «Каспий» (Ақтау);

— «Қыран» (Шымкент);

— «Мақтаарал» (Мақтаарал ауданы, ОҚО);

— «Екібастұз» (Екібастұз);

— «Байқоңыр» (Қызылорда);

— «Бәйтерек» (Астана);

— «Алтай» (Семей);

— «Шахтёр-Болат» (Теміртау).

Хабарламаларға жазылу