17 наурызда Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

17 наурызда Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

10.03.2016
 17 наурызда Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Оған елорданың 20 жұмыс берушісі қатысып, 120 бос жұмыс орнын ұсынады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жәрмеңке сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін Жансүгіров көшесі 8/1 мекенжайы бойынша орналасқан «Аружан» сауда, ойын-сауық орталығында ұйымдастырылады.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізудің мақсаты -мүмкіндігі шектеулі жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту, сонымен қатар жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау туралы толық ақпарат беру.

«Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде оқу орындарының түлектері жастар практикасынан өту, халықтың нысаналы топтағы тұлғалары әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады. Жұмыспен қамту орталығының мамандары қайта даярлау және жаңа мамандықты игеру мүмкіндіктері туралы кеңес береді.

Хабарламаларға жазылу