Бүгін – Сұлтан Қожықовтың туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Сұлтан Қожықовтың туған күні

10.03.2016
Бүгін – Сұлтан Қожықовтың туған күні

Қазақ кино өнерінің негізін қалап, оның өркендеуі жолында еңбек еткен тұлғалардың бірі – Сұлтан Қожықов.  Өнерлі отбасында дүниеге келген ол кинодағы  алғашқы қадамын қоюшы-суретші болып бастады.

Ал, оның бастапқы режиссерлік тәжірибесі Григорий Рошаль түсірген «Абай әні» фильмінде шыңдала түсті. «Ана мен бала» фильмі болса, Сұлтан Қожықовтың өз сценарийі бойынша түсірілген алғашқы туындысы.

«Біз Жетісуданбыз», «Егер біздің әрқайсымыз», «Шыңдағы шынар», «Панфиловшылар» кинотуындылары режиссердің нағыз маман ретінде өскенін дәлелдейтін жұмыстар еді.

1970 жылы Сұлтан Қожықовтың әйгілі «Қыз Жібек» фильмі дүниеге келеді. Ол нағыз қазақ киносының классикасына айналды.  Алайда, фильм сол кездері көп сынға ұшырады. Үлкен экранға шыққаннан кейін «Қыз Жібек» картинасына деген  көрерменнің сүйіспеншілігі сыншылардың сыни пікірін жоққа шығарды.

Режиссер Сұлтан Қожықов халықтың салтын, әдет-ғұрпын, ұлттық ойындарын, мәдени мұраларын экранда асқан шеберлікпен  көрсете білді.

Толығырақ - «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу