«Қазақстан темір жолы» компаниясының жастар форумында 40-тан астам жаңа жобаның тұсауы кесілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан темір жолы» компаниясының жастар форумында 40-тан астам жаңа жобаның тұсауы кесілді

08.12.2015
«Қазақстан темір жолы» компаниясының жастар форумында 40-тан астам жаңа жобаның тұсауы кесілді

Республикалық теміржолшы жастардың форумына қатысушылар алдында компания президенті Асқар Мамин сөз сөйледі.

А. Мамин жастар форумының - мемлекеттік жастар саясаты, ұлттың бәсекелестікке сай өсуі, адам капиталының дамуының аса маңызды факторы екендігіне тоқталды.

Форум аясында ҚТЖ-ның барлық саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлау, кәсібін жетілдірудің ерекше жаңа жобалары қарастырылды.

Қазіргі таңда компанияда 32 мыңнан астам жас еңбеккерлер бар. Олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасалған. ҚТЖ-да корпоративтік оқыту жүйесі бар. Теміржолшы жастар қазақстандық және шетелдік оқу орындарымен қатар Ұлттық компанияның өзіндегі оқу орталығында да біліктіктерін  жетілдіре алады.

ҚТЖ президенті компанияның басым бағыттарына назар аударды. Оның ішінде темір жол көлігі машинасын жасау, транзиттік әлеуетті дамыту, жолаушылар тасымалы қызметі сапасын көтеру, бизнесті трансформациялау, бағдарламалардың тиімділігін көтеру туралы әңгімеледі.

А. Маминнің айтуынша, ҚТЖ «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында инфрақұрылымдық жобаларды дамытуға кірісіп, Қазақстанның көліктік-логистикалық әлеуетінің күшеюіне ықпал етуде.

Қазіргі таңда Құрық портында паром кешені құрылысы, «Боржақты-Ерсай» темір жолының құрылысы, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автокөлік дәлізі, Алматы-1- Шу темір жол телімінің екіншісін салу жалғасуда.

«Біздің стратегиямыз еуразиялық құрлықтағы көліктік-логистикалық нарықтан  орнымызды табу. Жүк ағынын Қазақстан аумағы арқылы өтетін етіп бағыттау болып табылады»,-деді А. Мамин.

Жастар форумы кезінде республиканың барлық өңірлерінен келген жас теміржолшылар байқауларының қорытындылары шығарылды. Өндірістік үдерістерді оңайлататын, тиімділігін көтеретін 40-тан астам жаңа жобалардың тұсаукесері өтті.

Республикалық 6-шы жастар форумы кезінде оnline режімінде Фейсбук, Инстаграмм, Жастемір коммуникациялық алаңдарында дауыс берулер өткізілді. ҚТЖ жас мамандарының шеберлік шыңдау сыныптары вице-президенттер, басқарушы директорлар, еншілес кәсіпорындар жетекшілерінің қатысуымен өтті.

Республикалық форумға Қазақстанның барлық өңірлерінен келген 300-ден астам жастар қатысты.

Хабарламаларға жазылу