8 наурызда Алматыда «Жан анам» атты концерт өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

8 наурызда Алматыда «Жан анам» атты концерт өтеді

25.02.2016
8 наурызда Алматыда «Жан анам» атты концерт өтеді

8 наурызда Алматыдағы Студенттер сарайында «Жан анам» атты қайырымдылық концерті өтеді.  Осыған орай ҚР Еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясова бүгін таңғы бағдарламаға сұхбат берді.

«Жан анам» жобасы осымен 12-ші рет өткелі отыр. Бұл  көрерменін тапқан жоба. Ең кереметі – сәбиі науқас бір анаға көмектесеміз. Теңізге тамған тамшыдай болса да, қол ұшын созамыз.  Бұл жерде көрермендеріміз көмекке келеді. 5-8 мың доллар аралығында қаржылай қолдау береміз».

«Биылғы концертті Ескендір ағамыз «Анаға сәлем» әнімен бастайды. «Дос-Мұқасан» тобы да өнер көрсетеді. Өзге де 30-ға жуық әнші қатысады. Өткен жылы Майра Мұхаметқызы анасымен ән айтса, биыл Жанар Дұғалова анасымен бірге ән шырқамақ».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу