«Таңшолпанда» - Әшірбек Құрбанұлы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанда» - Әшірбек Құрбанұлы

24.02.2016
«Таңшолпанда» - Әшірбек Құрбанұлы

Студияға қазақ және ағылшын тілдерінде жарық көрген кітаптарын ала келген тарих ғылымдарының докторы, профессор Әшірбек Құрбанұлы кітаптарға аз-кем тоқталды.

«Біз бұл туындыларды халықаралық ұжымда бірге жаздық. Қазақстандағы араб жазуындағы эпиграфикалық ескерткіштерге арналған бірінші кітап ұлыбританиялық ғалым Нил Робинсонмен, екінші кітап америкалық ғалым Ален Франкпен бірге жазылды. Кітап Сәдуақас Гүлбани атамыздың қазақ ғұламалары туралы жазған кітабы. Енді екінші томын жарыққа шығаруға әзірлеп жатырмыз»,-дейді ғалым.

«Тәуелсіздік алғаннан кейін өзіміздің ата-тарихымызды зерттеу мүмкіндігіне ие болдық.  Бұған дейін белгісіз болып келген ескерткіштерді таныстырып жатырмыз. Олардың маңыздылығы – әлемдік деңгейде. Сол себепті де бізбен шетелдік ғалымдар бірге жұмыс істеуде».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу