Сайлауға қатысушы алты саяси партияның сайлау қорларына 519 миллион 132 мың теңге түсті – ОСК - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлауға қатысушы алты саяси партияның сайлау қорларына 519 миллион 132 мың теңге түсті – ОСК

19.02.2016
Сайлауға қатысушы алты саяси партияның сайлау қорларына 519 миллион 132 мың теңге түсті – ОСК

Оның деректерінше, бүгінгі күні сайлауға қатысушы алты саяси партияның сайлау қорларына 519 миллион 132 мың теңге түсті. Сонымен қатар, Қ.Тұрғанқұлов үгіт науқаны кезіндегі БАҚ қызметі туралы айта отырып, әрбір азаматтың өзінің сайлау құқығын саналы және салмақты іске асыру мүмкіндігі болуы маңызды екенін атап өтті.

«Сондықтан БАҚ кандидаттар мен партиялардың сайлау науқанын объективті, толық және шынайы жария етуін жүзеге асыруға міндетті»,-деді ОСК төрағасы.

Оның сөзінше, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауға қатысты, ОСК бекіткен Күнтізбелік жоспарға сәйкес, кандидаттарды ұсыну 20 ақпанда басталып, 29 ақпанда аяқталады. Мәслихаттар депутаттарын сайлауда кандидаттарды ұсыну 19 ақпанда аяқталады.

«19 ақпандағы таңғы сағат 9.00-дегі жағдай бойынша жалпы республика бойынша 11 мың 133 кандидат ұсынылды. Осылайша, орташа бәсекелестік 1 депутат мандатына 3-тен астам үміткерді құрады. Ұсынылған кандидаттардың 68,6 пайызы өзін-өзі ұсынғандар, ал қалған 31,4 пайызын саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер ұсынды. 1 мың 617 адам облыстық мәслихаттарға, 126-сы астана мәслихатына, 165-і Алматы мәслихатына депутат болудан үмітті.  Аудандық мәслихатттарға – 7 мың 85 кандидат, ал қалалық мәслихаттарға 2 мың 140 кандидат ұсынылды»,-деді Қ.Тұрғанқұлов.

Сондай-ақ ол кандидаттардың 75,1 пайызының жоғары білімді екендігіне назар аударды. Олардың көпшілігі  мұғалімдер, инженерлер мен экономистер. Кандидаттардың орташа жасы – 43,6. Соның ішінде жасы жағынан ең үлкен кандидат 89-да.

Кандидаттарды тіркеу 23 ақпанға дейін созылады, ал 24 ақпаннан бастап мәслихаттар депутаттығына тіркелген барлық кандидаттар үгіт жұмысына кірісе алады.

Хабарламаларға жазылу