ОСК баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы «2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылдады.
Аталған қаулыға сәйкес, ОСК Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының тағы 28 байқаушысын тіркеді.
«Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын тіркеу жұмыстары 2016 жылдың 14 наурызына дейін жүзеге асырылады»,-делінген баспасөз мәліметтерінде.