Сайлау-2019: ОСК төрт кандидатты тіркеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлау-2019: ОСК төрт кандидатты тіркеді

05.05.2019

Президенттік аламанның дүбірі сәт санап жақындап келеді. Өткен апта ұсынылған 9 кандидаттың біреуі тіркеуден өтпей қалса, екіншісі тіпті тіркеуге жетпей қалды. «Қазақстан Құрылысшылар одағы» сайлауға кандидат ретінде Талғат Ерғалиевті ұсынған болатын. Бірақ араға апта салмай, ойларынан айнып қалды, үміткерлерінің кандидаттығын қайтып алды.

Ал, «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігінің үміткері өкінішіке қарай, үміттерін ақтай алмады. Орталық сайлау комиссиясы Жұматай Әлиевті мемлекеттік тілге қатысты кандидатқа қойылатын талаптарға сәйкес келмейді деп тапты. Себебі сөйлемдері жүйесіз, жазба жұмысында стилистикалық қателіктер жасаған. Ал, пунктуациялық қателерінің саны 19-ға жеткен. Мінекей, ана тілге қатысты осындай олқылықтардан соң Орталық сайлау комиссиясы оны Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тартты.

Ал, қалған жеті үміткердің жай-күйі қалай, нешеуі тіркелді, қалғандары қалай қам жасап жатыр?! Ержан Қалымбайұлының шолуында.

Хабарламаларға жазылу