ОСК Сенат депутаттарын тіркеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОСК Сенат депутаттарын тіркеді

30.06.2017

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының арнайы қаулысымен жаңадан сайланған Парламент Сенатының депутаттары тіркелді. Олардың саны - 16. Осыдан екі күн бұрын өткен Сенат депутаттарын сайлау кезінде жеңіске жеткен барлық кандидаттар бүгін ресми түрде сенатор мәртебесіне ие болды. Салтанатты шараға Парламент Сенатының тұңғыш төрағасы болған Өмірбек Байгелді арнайы келіп, жаңа сайланған депутаттарға ақ жол тілеп, батасын берді.

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу