Биатлоншы Арина Пантова жасөспірімдер арасындағы Олимпиадада қола медаль жеңіп алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биатлоншы Арина Пантова жасөспірімдер арасындағы Олимпиадада қола медаль жеңіп алды

15.02.2016
Биатлоншы Арина Пантова жасөспірімдер арасындағы Олимпиадада қола медаль жеңіп алды

Осы күндері Норвегияның Лиллехаммер қаласында жасөспірімдер арасындағы ІІ қысқы Олимпиада ойындары өтуде.

Жарыстың 3-ші күні Қазақстан құрамасының қоржыны алғашқы жүлдемен толықты. Қыздар арасындағы биатлон спринтінде (6 шақырым) сынға түскен Арина Пантова қола медаль жеңіп алды.

Ал, бұл жарыста германиялық биатлоншысы Юлиана Фруует жеңімпаз атанса, 2-ші орынды норвегиялық Марта Йохансен иеленді.

 

Биатлон. ІІ қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы. Лиллехаммер (Норвегия)

Спринт. Нысана көздеу. 6 шақырым.

 

1. Юлиана Фрууерт (Германия) - 18:23.5 (0+0)

2. Марта Йохансен (Норвегия) - +5.6 (0+1)

3. Арина Пантова (Қазақстан) - +17.1 (1+1).

 

Фото: lillehammer2016.com

Хабарламаларға жазылу