Екінші Жазғы Олимпиада ойындарында еліміздің туын боксшы Абылайхан Жүсіпов ұстайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екінші Жазғы Олимпиада ойындарында еліміздің туын боксшы Абылайхан Жүсіпов ұстайды

16.08.2014
Екінші Жазғы Олимпиада ойындарында еліміздің туын боксшы Абылайхан Жүсіпов ұстайды

Бүгін Қытайдың Нанкин қаласында басталатын жасөспірімдер арасындағы Жазғы Олимпиада ойындарында еліміздің туын боксшы Абылайхан Жүсіпов ұстап шығатын болды.

60 келіде жұдырықтасатын Абылайхан Жүсіпов сәуір айында Болгария астанасы Софияда өткен жастар арасындағы Әлем чемпионы атанған болатын

Жасөспірімдер арасындағы Жазғы Олимпиада 6-28 тамыз күндері Қытайдың Нанкин қаласында өтеді.  ІІ Жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстан атынан 51 спортшы және 20 бапкер барады.

Нанкинде ел намысын қорғайтын спортшыларға 3 алтын, 3 күміс, 9 қола медаль жеңіп алу мақсаты қойылып отыр. Ал, Олимпиадада топ жарған әрбір спортшыға ҚР спорт және дене шынықтыру агенттігі 15 мың АҚШ долларын тағайындап отыр. Екінші орын алған спортшы 10, ал үздік үштіктен көрінген спортшы 5 мың доллар алады.

Хабарламаларға жазылу