«Google» компаниясы бірегей сәйкестендіргіші бар бірнеше сейфтерден тұратын жүк көліктерін патенттеді.
Автокөлік тауарларды жеткізу үшін қажетті мекенжайға өзі барады. Ал, сатып алушы пинкод арқылы өзіне берілген сейфтен тауарын алады. Осылайша, жүк көлігі өзге де тапсырыс берушілердің талаптарын орындайды.
Жүк көлігі өзі басқарылатын «Google» технологиясымен жабдықталады. Яғни, ешқандай дрондар қолданылмайды және жүргізушілерді де қажет етпейді.