Қостанай облысында Көліктік бақылау инспекциясының басшысы парамен ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында Көліктік бақылау инспекциясының басшысы парамен ұсталды

12.03.2020

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Жолдасбек Арапбаевты 1 миллион теңге ауызбастырық алып жатқанда қолға түсірген. Ол алған парасын жасыру үшін әжетқанаға ағызып жібермек болған. Тергеу мәліметтері бойынша инспекция басшысы өңірдегі кәсіпкерлерді «қамқорлығына» алып, олардан жүйелі түрде пара алып келген. Әрі көлік бақылау бекеттерінен жүк көліктерін кедергісіз өткізіп, жүк тасымалдау ережелерінің бұзылғанына көз жұма қараған. 

Сондай-ақ, Жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлері Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Руслан Мамуновтың қамауға алынғанын растады. Бұған дейін бұл ақпаратты шенеуніктің өзі жоққа шығарып, тіпті бейне үндеуін жариялаған. Жемқорлыққа қарсы қызмет Мамуновтың не үшін қамауға алынғанын әзірге құпияда ұстап отыр. 

Досжан МАРАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу