Айсарбек Акияшев – ресейлік байқауда бас жүлде алған күйші - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айсарбек Акияшев – ресейлік байқауда бас жүлде алған күйші

12.02.2016
Айсарбек Акияшев – ресейлік байқауда бас жүлде алған күйші

«Болашақ осы жерден басталады». Ресейдің әр аймағында осылай аталатын өнер фествиалі өтеді. Халықаралық сайыстың әр кезеңінде өнердің алуан түрлі саласы бойынша өңірлік жеңімпаздар анықталып, кейін ол Мәскеуде өтетін Бүкілресейлік фестивальда қорытындыланады.

Ресейдің Дондағы Ростов (Ростов-на-Дону) қаласында өткен байқауда аспап өнері аталымы бойынша бас жүлдені қазақстандық жас күйші Айсарбек Акияшев иеленді. Байқау жүлдегерінің Ұлттық арнаға берген эксклюзивті сұхбатын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

«Жеке өзімнің осындай халықаралық деңгейдегі байқауға  қатысуым алғаш рет. Бұрын-соңды алыс-жақын шетелдегі байқауларға «Жігер» ансамблінің құрамында баратынмын.  Осы жолы жеке шықтым. Конкурс үш күнге созылды. Он шақты мемлекеттен қатысушылар келді. Бізге жеткенше кеш болып кетті. Бірақ, соған қарамастан, халықтың ықыласы жақсы».

«Менің таңқалғаным, ол жақтағы ел домбыра аспабын біледі екен. Домбыраға, ұлттық киімдерімізге қарап, таңданыстарын білдіріп жатқандар да болды. Байқауда екі күй орындадым. Бірі  ортекемен орындалды. Жаңалық болсын, деген ниетпен ортекені арнайы алып бардым»,-дейді күйші.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу