Көкшетауда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Жұлдызай-2015» байқауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Жұлдызай-2015» байқауы өтті

21.04.2015
Көкшетауда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Жұлдызай-2015» байқауы өтті

Қатысушылар вокалдық шеберлік, би, музыкалық аспапта ойнау және қолданбалы өнер бойынша сынға түсті. Бұл байқауға Ақмола аймағынан 200-ге жуық жеткіншек қатысуға мүмкіндік алған.

«Балалардың барлығы фестивальге үлкен қызығушылықпен, ынтамен келді», - дейді жетекшілері. Ал, ұйымдастырушылардың айтуынша өнер мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік бейімделуіне оң әсер етеді.

Байқауда іріктелген өнерпаздар Астанада өтетін республикалық бәсекеде өнерлерін паш етуге мүмкіндік алады. Ол жерде бүлдіршіндер қазақстандық және ресейлік жұлдыздармен жүздеспекші.

 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу