Қазақстандықтар Иранға ет экспорттайтын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар Иранға ет экспорттайтын болды

08.02.2016
Қазақстандықтар Иранға ет экспорттайтын болды

Айта кетейік, 2015 жылдың қазан айында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Иранның Сауда-өнеркәсіптік палатасының арасында екі елдің Іскерлік кеңесінің ынтымақтастығы туралы меморандум қабылданған болатын. Оның аясында ҚР Сыртқы сауда палатасы Сауда-экономикалық ынтымақтастықты белсендендіру жөніндегі Іскерлік кеңестің ұйымдастырушысы болды, деп хабарлайды Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының баспасөз қызметі. 

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, бүгінде Иран нарығында сұранысқа ие көптеген тауар түрлері бар. Олар бойынша, Ираннан импортталған тауарлар құны 2014 жылы 6 млрд АҚШ долларын құраған. Ал, Қазақстанның әлемдік экспорты 1,9 млрд долларды құрап отыр. Қазақстанның Иранға экспорты 498,5 млн АҚШ долларын құрады.

«Осы ретте қазақстандық кәсіпкерлер үшін металургия, тағам және химия салалары, машинақұрылысы мен құрылыс материалдары бағыттары бойынша, Иран нарығына тауар тасымалдау мүмкіндігі туып отыр»,-дейді Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының төрағасы Мейірбек Мәжитов.  

Оның сөзінше, екіжақты ынтымақтастықтың нәтижелер осы кездің өзінде бар. Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының қолдауымен қазақстандық экспортшылар құны 30 млн доллар болатын мүйізді ірі қара мен қой етін экспорттау жөніндегі коммерциялық келісімге қол қойды.

Айта кетейік, бұл Иран Ислам Республикасынан санкциялар алынғанан кейін қазақстандық делегацияның Тегеранға жасаған іскерлік сапары аясында екі ел арасында жасалып отырған алғашқы келісім. 

 

Хабарламаларға жазылу