Алматы облысында Нарынқол ауданы қайта құрылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында Нарынқол ауданы қайта құрылады

01.11.2017

Бұл туралы бүгін Астанадағы баспасөз мәслихатында облыс әкімі Амандық Баталов айтты. Осылайша, бұрын облыста 16 аудан болса, енді оған Нарынқол ауданы қосылмақ. Аумағы 712 мың гектарды құрайтын жаңа аудан құру туралы ұсынысты Үкіметке Алматы облыстық мәслиxаты биылғы тамыз айында жолдаған. Республикалық ономастикалық комиссияға енгізілген жобада жаңа ауданды Нарынқол деп атау туралы ұсыныс айтылған.  

Амандық Баталов Алматы облысының әкімі:

 - Қазір процедуралық жұмыстар қалды. Содан кейін шешім қабылданды. Біз күтіп отырмай комиссия құрып, Нарынқолға барып, ғимараттарды көріп, келесі жылдың бюджетіне барлығын кіргізіп, жоспарлап қойдық.

Хабарламаларға жазылу