«Бірге таңдаймыз!». Лимонның пайдасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бірге таңдаймыз!». Лимонның пайдасы

23.01.2016
«Бірге таңдаймыз!». Лимонның пайдасы

Лимон жемісінен ыдыс жууға арналған сұйықтық дайындауға болады. Ол үшін қабығымен қоса турап, үстіне ас содасын қосу жеткілікті.

Осы қоспаны шәйнектің ішіндегі қақты тазартуға, ұзақ уақыт тұрып қалғаннан пайда болатын жағымсыз иісті кетіруге пайдалануға болады.

Сондай-ақ, қысқатолқынды пештің ішін тазалай аласыз.  

Ал, қарайған күміс бұйымдарды лимон шырынымен сүртсеңіз, қайтадан жаңа қалпына келеді.

Лимон шырынын сондай-ақ, үйдегі жөндеу жұмыстары кезінде қолдануға болады. Киімге тиген бояуды және тырнақ бояуын кетіруде таптырмас тәсіл.

Су мен осы жеміс шырынының қоспасын әйнек пен айна тазылығына да пайдалана аласыз.

Толығырақ «Бірге таңдаймыз!» бағдарламасынан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу