Әлемдегі ең қымбат гүлдер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдегі ең қымбат гүлдер

17.01.2016
Әлемдегі ең қымбат гүлдер

Қазіргі уақытта ең қымбат гүл Джульеттаның Розасы. Бұл селекционердің 15 жылда жасанды жолмен өсірген гүлі. Нәтижесінде нәзік өрік түсті, ортасында түймесі және шетінде ашық түсті күлтесі бар роза дүниеге келді. Ол жұртты өзіне тартып әкеткені соншалық, қазіргі күнде оның бір данасы 15 миллион долларды құрайды.

Ең қымбат гүлдердің қатарында өз кезінде рекорд жасаған екі түрлі орxидея да бар. Орxидеялардың бірі – «Shenzhen Nongke». Оның бір талын алу үшін 200 мың доллар төлеуіңіз керек. 8 жыл бойы қытай селекционерлері нәзік лимон түсті жапырақтары бар, xош иісті гүлді шығарады. Ерекше гүлді өсіру үшін 5 жыл тынымсыз еңбек ету қажет.

«Кинебалу алтыны» деп аталатын гүлді 6 мың долларға аласыз. Оның қымбат болу себебі – өте сирек кездесетіндігінде. Ол жалғыз Борнеодағы қорықта өседі. Гүл көп жылғы еңбекті қажет етіп, бірнеше айда бір рет гүлдейді.

Хабарламаларға жазылу