Үлкен теннис қандай ойын? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үлкен теннис қандай ойын?

15.01.2016
Үлкен теннис қандай ойын?

Теннис – жекелей және жұптасып ойналатын спорт түрі.  Қазіргі күнге дейін бұл спортты кім ойлап тапқаны белгісіз. Бірақ, кейбір нұсқалар бойынша британдық майор Уолтер Уинфилд Уэлстегі қонақтарының көңілін сергіту үшін ойлап тапқан, ал, 1873 жылы ең алғашқы ережесін жариялаған.

Еуропада 1,5 ғасыр бұрын бастауын алған бұл ойын елімізде кенже дамыған спорт қатарында. Жас жеткіншектер үлкен тенниске Тәуелсіздік алғаннан кейін ден қоя бастады. Сол жылдардың жемісі ретінде Зарина Дияс, Ярослава Шведова, Андрей Голубев, Михаил Кукушкин сынды теннисшілерді атап өтуге болады.

Ал, 11 жастағы Жанелдің тенниспен айналысқанына 6 жыл болыпты. Бүгінде ол 12 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы ел чемпионы.

«Әуелде мені тенниске ата-анам жетелеп әкелді. Кейін келе өзімнің де құлшынысым артты. Енді қазіргі жетістіктерімді жалғастырып, елімнің атын әйгілегім келеді»,-дейді жас чемпион.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

 

Хабарламаларға жазылу