Теннис спортының тарихы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теннис спортының тарихы

04.03.2016
Теннис спортының тарихы

Ол кезде ойынға тоқыма жіп пен ағаш ракетка қолданылған көрінеді. Кейінірек, спортқа жаны құмар ағылшындар ойын туралы естіп, оған жаңа ережелер енгізді.

Ең әуелі ракеткаларды өзгерткен. Өйткені, ұратын бөлігін тақтайшадан, қалың жіптен немесе ішектен қайтара тоқыды. Сонымен қатар, көк шалғында (lawn) ойналатын болды.

Шалғынның ортасында тор құрылады. Уақыт өте доп та өзгерді. Оны резеңкеден жасап, қазіргі үлгісі пайда болды.

Ұзақ уақыт бойы бұл ойынды тек дәулетті адамдар ойнайтын болған. Себебі,теннис ойнауға әркімнің қалтасы көтере бермейтін. Көк шалғынды дайындау үшін көп күш керек және оның жабынын ауыстырып отыру қажет болған.

Бірақ, бұл спорт түрі үнемі дамып отырған соң қазір оны кез келген адам ойнай алады. Шалғынның орнына кірпіштен, графия мен асфальттан жасалған жабындарды қолданады. Синтетикалық жасанды шөпте де ойнауға болады. Теннисті жылдың барлық мезгілінде арнайы спорт залдарда ойнауға мүмкіндік бар.

Бірақ бұл спорт түрінің теxнологиясына ағылшындардың әсері мол болды. Ұпай есептеу керектігі де осы елде шығарылды. Басқа спорт түрлеріне қарағанда теннисте әртүрлі жарыстарда жеңімпаз атанғаны ғана емес, жарыстарға жүйелі түрде қатысып тұруы маңызды. Сол себепті де жыл сайын танымал спортшылардың рейтингі жасалады.

Теннистегі ең маңызды жарыстар жыл сайын шілде ойында Уимблдонда өтеді. Дәл осы жерде ойынның бірыңғай ережелері бекітілген екен.

Үнемі теледидардан көрсетіліп отыратындықтан, теннис үлкен танымалдылыққа ие болды. Кәсіби мамандардың ойыны бірнеше сағаттарға созылса да, жанкүйерлер тапжылмай отырып көре алады.

Хабарламаларға жазылу