Шымкентте бүгін тілшілер арасында теннистен турнир өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте бүгін тілшілер арасында теннистен турнир өтеді

29.08.2015
Шымкентте бүгін тілшілер арасында теннистен турнир өтеді

Бұл жөнінде «Оңтүстік» ақпарат орталығында ұйымдастырылған брифингте Қазақстан Республикасы теннис федерациясының Шымкент филиалының директоры Валерий Шайбаков пен ұлттық теннис орталығының менеджері Гауһар Молдабекова хабарлаған.

Конституция күніне орай Шымкентте бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасында теннистен «Shymkent Mass Media Cup» турнирі ұйымдастырылып отыр.

Мұндағы мақсат – Ата заңымыздың 20 жылдығы қарсаңында салауатты өмір салтын насихаттап, ұлттық теннис орталығы мен БАҚ арасындағы қарым-қатынасты дамыту, тұрғындар мен жастардың тенниске деген қызығушылығын арттыру.

Турнир бүгін Шымкенттегі Ұлттық теннис орталығында өтеді.

Хабарламаларға жазылу