Басты Жаңалықтар Азиядағы ең қымбат пойыз

Азиядағы ең қымбат пойыз

Азиядағы ең қымбат пойыз

Үндістан аймағында жүретін «Экспресс Махараджей» пойызына отыру үшін туристерге әр тәулігіне 800 доллар төлеу керек. Ал, Президенттік люкстің бағасы – 2500 доллар.  Пойыздың әр купесі жоғары деңгейде жабдықталған.

Жолаушыларға  барлық жағдай жасалған.  Тіптен, Президенттік люксте ванна қабылдауға болады. Сонымен қатар, пойыз ішінде арнайы салқындатқыштар мен DVD-плеер және ғаламтор желісі жұмыс істейді. Пойыз 100-ге жуық адамды тасымалдайды.  Жақындарың мен туыстарыңа арнап кәде сыйлар алатын дүкенде осы пойыз ішінде кездеседі. Президенттік люкстер жеке вагонда орналасқан, бұндай VIP-купе 2 бөлмеден тұрады.

Саяхат барысында пойыз жаңа станцияда күні бойы тұрақтайды. Себебі, онда туристерге жергілікті жерді аралап,  сол елдің дәстүрімен танысуына  барлық мүмкіңдік жасалған.

Бөлісу