Еліміздің ұлттық әйелдер құрамасы Бельгия теннисшілерімен кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің ұлттық әйелдер құрамасы Бельгия теннисшілерімен кездеседі

05.02.2020

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы осы жұма-сенбі күндері Бельгия командасына қарсы ойнайды. Бельгияның Кортрейк қаласында өтетін Федерация кубогінің іріктеу кезеңіне жерлестеріміз қызу дайындалып жатыр. Байрақты бәсекеде Қазақстанның намысын Зарина Дияс, Юлия Путинцева, Анна Данилина мен Ярослава Шведова қорғайтын болады. 

Теннисші қыздар Бельгия құрамасының үздік ойыншыларымен бұған дейін жеке-жеке кездескен. Осы іріктеу кезеңінен жеңімпаз атанған команда Будапештте өтетін Федерация кубогінің финалдық кезеңіне қатысады. 

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу