Жақсы көңіл-күй сыйлайтын дәрумен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жақсы көңіл-күй сыйлайтын дәрумен

03.01.2016
Жақсы көңіл-күй сыйлайтын дәрумен

Кейбір ғалымдар B9 (фолий қышқылы) дәруменін адамға жақсы көңіл күй сыйлайтын дәрумен деп те  атайды. Себебі, фолий қышқылы «бақыт»  гормонын түзіп, жақсы көңіл күйдің пайда болуына әсер етеді. Сонымен қатар, B9 дәрумені ағзадағы жасушалардың дамуын, иммундық жүйенің қалыпты болуын, жүрек-қантамыр жүйесінің жұмысын жақсартады.        

Адам ағзасына бұл дәрумен аминқышқылын, ферменттерді тасымалдау үшін керек. Егер ағзада В9 дәрумені қалыпты болса асқорыту жүйесі мен бауыр жақсы жұмыс жасайды.

Ағзаға В9 дәрумені жетіспеуінің белгілері:

 - Жабырқаулық.

 - Себепсізден мазасыздану.

 - Қорқыныш сезімі.

 - Ұмытшақтық.

 - Есте сақтау қабілетінің нашарлауы.

 - Шаштың жұқаруы.

 - Жүктіліктің үзілуі.

Негізінен бұл дәрумен бидай дәнінде, қояншөп құрамында, жасымықта, қырыққабат құрамында кездеседі.

Дәруменнің тәуліктік мөлшері 400 мкг болса, жүкті әйелдерге 600 мкг көлемінде пайдаланған дұрыс.

Хабарламаларға жазылу